Өскеменде электр энергиясы қымбаттауы мүмкін. Қоғамдық тыңдау өтеді
Өскеменде электр энергиясы қымбаттауы мүмкін. Осыған байланысты қоғамдық тыңдау өтеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
«Шығысэнерготрейд» ЖШС 10 сәуірден бастап электр энергиясының тарифін көтермек. Осыған байланысты Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ШҚО бойынша департаменті қоғамдық тыңдау өткізбек.
Қоғамдық тыңдау 20 наурыз күні сағат 11.00-де Пермитин 17 мекенжайындағы қалалық әкімдіктің ғимаратында өтеді.
Оқи отырыңыз