KZ
Өскемен
+15°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, ОШ
443.72 482.28 4.9

Ғалымдар ракты иіскеп сезетін құрт өсірмек

2.03.2020, 04:23 275

Ғалымдар «жаман аурудың» 15 түрін иіскеп табатын жұмыр құрт өсірмек. Мұндай бірегей әдісті жапон ғалымдары ойлап тапқан, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

Hirotsu Bio Science Inc компаниясының директоры Хироцу Такаакидің айтуынша, ғылымда нематод немесе қарапайым тілде жұмыр құрт атанып жүрген құрт тұқымының ерекше қабілеті бар. Ол жәндіктер иісті тез сезеді әрі ұнаған иісіне қарай жылжып, ұнамаған иісінен қашады.

«Сол қасиетіне сүйеніп құрттарды адамның дәретіне жібереміз. Егер құрт дәретке жақындаса, онда обыр жоқ деген сөз. Ал жақындамай қойса, онда бір кінәрат бар деген сөз», - дейді ғалым.

Бұл тәсілмен рактың 15 түрін ерте анықтауға болады екен: асқазан рагы, тоқ ішек рагы, өкпе рагы, кеуде рагы, омырау рагы, ұйқы безі рагы, бауыр рагы, қуықасты безі, өңеш рагы, аналық без рагы, өт қабы мен өт жолы, несеп жолы, бүйрек, ауызасты рагы, тамақ рагы.

Бұған дейін жапон ғалымдары ракты анықтау үшін иттерді пайдаланған еді. Ит те иісті тез сезеді. Әрі оны үйрету оңай. Бірақ ұзындығы 1 миллиметрге жетер-жетпес кішкентай, жұмыр құрттың артықшылығы – итке қарағанда иісті 1,5 есе тез сезеді. Тіпті құрылғы анықтай алмайтын иісті сезе алады. Ал бұл ракты ерте кезде анықтауға мүмкіндік береді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив