Өскеменде Абай Құнанбаевтың мерейтойына орай автокөліктер сериясы шығарылады
![](/kz/uploads/posts/iblock/71f/71fa1983833c025dc133e2a8e8941310.jpg)
Ақын, ағартушы Абайға арнап шығарылған шектеулі серия көліктері шынында да бірегей.
Арнайы шығарылған "Абайдың қара сөздері" кітабы да әр көлік иесіне ерекше сыйлық болады.
Автомобильдерді брендтеу идеясы ұлы ақынның туғанына 175 жыл толуына орай жоспарланған мерекелік іс-шаралардың қалалық бағдарламасы аясында айтылған. Бастаманы "Азия Авто"зауытының ұжымы қолдады.
Өскемен қаласының әкімі Жақсылық Омар алғашқы көліктерді шығару шарасына қатысты.
Қала әкімі компания басшылығы мен ұжымына ғұлама ақынның туғанына 175 жыл толуына арналған мерейтойлық іс-шараға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, бұл шын мәнінде бүкілхалықтық мереке екенін атап өтті.