KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
444.14 477.05 4.85

ШҚО-да жол жөндеу жұмыстары барысында 800-дей ережебұзушылық тіркелген

28.02.2020, 10:58 102

2019 жылы ШҚО аймағындағы тасжолдарды жөндеу жұмысы кезінде 759 ережебұзушылық тіркеліп, жол жөндеуші мекемелерге 336 ескерту хаты жолданған. Бұл туралы Жол активтері ұлттық сапа орталығы ШҚО бойынша филиалының директоры Ержан Аязбаев айтты.

Филиал директорының айтуынша, ережебұзушылық салыстырмалы түрде, «Семей – Қарауыл», «Боғас – Аягөз – Қарағанды» тасжолдарында көбірек болған. Мәселен, «Семей – Қарауыл» тасжолында қайта-қайта асфальтбетон бүлінсе, «Боғас – Аягөз – Қарағанды» тасжолында жолдың үстіңгі қабаты жарамай қалып жатқан.

Жалпы жол жөндеу барысында инертті материалдың жетіспеуі, жөнделген жерлердің жігі жатық болмауы, құрылыс материалдарын талапқа сай пайдаланбаушылық жиі ұшырасады. Сондай-ақ жол белгілері де талапқа сай келмей жатады. Былтыр тексерілген 241 жол белгісінің 98-і түнгі уақытта жарық шағылыстырмайтын болып шыққан.

– Біздің облыстың аумағында республикалық маңызды жол – 3 141 шақырым. Одан бөлек жергілікті маңыздағы жолдар бар. Осылардың барлығының сапасын біз қадағалаймыз. Қай жерде жөндеу жұмыстары жүрсе, сол жердің талапқа сай келетін-келмейтінін анықтаймыз. Мәселен, былтыр 759 ережебұзушылық анықталды. Мердігер мекемелерге 336 ескерту хаты жолданды, – деді Ержан Аязбаев.

Ресми ақпарат көзіне сүйенетін болсақ, былтыр облыстағы барлық жолды жөндеу жұмысына, шамамен, 37 миллиард теңге қаржы қарастырылған. Ал солардың ішінде аталмыш Жол активтері ұлттық сапа орталығы филиалының жергілікті жердегі жолдарды тексеруі үшін 20 миллин қаражат бөлінген.

Жол сапасына жауапты мекеме биылғы жылдың өзінде 42 мәрте тексеру жұмысына шыққан. Қардың дұрыс күрелмеуі, көктемге қарсы жолдың жиегіндегі қар үйінділерінің шығарылмауы, жолдардың тарылуы сынды жалпы саны 89 заңбұзушылықты анықтаған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив