28 желтоқсан қаралы күн деп жарияланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңында ұшақ апатынан адамдардың қаза болуына байланысты 28 желтоқсанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Осы апатқа қатысты шұғыл желі іске қосылған.
Ұшақ апатынан қаза тапқандардың саны 15-ке жетті, 66 адам емханаға жеткізілген. Олардың алтауының жағдайы аса ауыр.
Оқи отырыңыз