Оңтүстік Кореяда бір тәулікте 60 адам коронавирус жұқтырды
Бір тәулік ішінде Оңтүстік Кореяда коронавирус ауруына жұқтырған адамдардың саны 60-қа жетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Yonhap ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл жағдайлардың барлығы зертханалық түрде дәлелденген. Сонымен, елде коронавирусқа шалдыққан науқастардың саны 893 адамды құрады. Аурудан сегіз адам көз жұмған.
Қазір үкімет вирустың екі ошағын атап отыр – оңтүстік-шығыстағы Тэгу қаласы мен көршілес Чхондо штатындағы аурухана. Бұл жерлерде вирусты жұқтырғандардың саны артып келеді.
Оқи отырыңыз