Оңтүстік Кореяда 156 адам коронавирус індетіне шалдықты
Қытайды ойрандатып жатқан коронавирус Оңтүстік Кореяға да жетіпті. Мұнда індеттің 156 жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы Yonhap News Agency агенттігі жазып отыр.
Ауруды жұқтырған науқастардың көпбіі Тэгу қаласындағы шіркеу қызметіне келген адамдар екен. Вирусты жұқтырған соңғы 52 адамның 41-і Сеул мен Солтүстік Кёнсан провинциясынан. Сеулдің өзінде үш жағдай тіркелген.
Науқастардың саны артып, өлім –жітім фактілері тіркеле бастаған соң елде Тэгу мен Чхондо қалаларын «ерекше басқару аймақтары» ретінде жариялау жөнінде шешім қабылданып отыр. Тэгу мен Солтүстік Кёнсанда расталған жағдайлардың саны – 111. Вирусқа тест жасатқан және карантиндегі адамдардың саны 2707 адамға жеткен.