KZ
Өскемен
-17°
плотный туман жел 1 м/с, С
495.28 518.41 5.44

Коронавирус: ШҚО-да науқастардың саны 700-ге таяды

28.06.2020, 06:51 255

ШҚО-да коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 47 адам тіркелді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Науқастардың ішінде: Семей қаласынан - 21 адам, Өскемен қаласынан – 11 адам , Аягоз ауданынан – 1 адам, Тарбағатай, Ұлан аудандарынан - 5 адамнан, Үржар ауданынан – 3 адам және Бородулиха ауданынан – 1 адам.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша зертханалық талдаулар 3 науқастан бұрынырақ КВИ ауруын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болған тұлға ретінде алынса, өз өтінішімен ЖРВИ белгілерімен түскен 37 науқастан мониторинг жүргізу кезінде, 7 адамнан профилактикалық мақсатпен тексеру кезінде алынды.⠀

Қазіргі уақытта қауіпті вирусты жұқтырған науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылды.

Облыс аумағында коронавирус жұқтырғандардың саны 696 адамға жетті. Сауығып шыққандар саны – 189.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу