KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
522.91 548.85 5.05

«Осымен төртінші рет». Головкиннің жекпе-жегі тағы шегерілді

19.02.2020, 08:38 139

Орта салмақта IBF және IBO чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) шаршы алаңға сәуірде шықпайтын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі  Vesti.kz-ке сілтеме жасап.

ESPN журналының мәліметінше, боксшы жарақат алып қалған. Осыған байланысты Головкин және оның командасы IBF ұйымына титул қорғауды шегеруді сұрады. 

Бастапқыда GGG рингке ақпанда шығады деп жоспарланған болатын, алайда кейін жекпе-жек уақыты наурызға өзгертілді. Осыдан кейін тағы да 11 сәуірге шегерілді. Кездесу АҚШ-тың Чикаго қаласында немесе  Қазақстанда өтуі мүмкін еді.  Ал енді спорт порталдары «DAZN өкілі Головкин-Шеремета жекпе-жегін өткізетін басқа уақытты қарастырып жатыр» деген ақпарат таратты. БАҚ Головкин жарақат алып қалды деген мәлімдеме жасады.

Ал боксшының промоутері Том Леффлер жағдайға қатысты пікір білдіруден бас тартты. 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу