KZ
Өскемен
+22°
небольшой дождь жел 3 м/с, Ю
441.66 475.14 4.86

Облыс әкімінің тұрғындар алдындағы есебі басталды

19.02.2020, 05:58 150

Облыс орталығында аймақ басшысы Даниал Ахметовтің тұрғындар алдындағы өткен жылды қорытындылау есебі басталды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

- Шығыс Қазақстан облысы 2019 жылды экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің оңды динамикасымен аяқтады. Өнеркәсіптік өндіріс - 9 пайыз, ауыл шаруашылығы - 4 пайыз, инвестициялар - 23 пайыз, құрылыс жұмыстары - 6 пайыз өсті. Тұрғындардың қаржылық кірісі жыл көлемінде 16 пайыз артып, 160 711 теңгені құрады, - деп атап өтті облыс әкімі өзінің баяндамасында.

Алдағы уақытта назар кен барлау жұмысын кеңейтуге, геофизикалық зерттеулер жүргізуге аударылатынын айтты Даниал Ахметов.
Айта кетейік, есеп беру жиыны облыстық драма театрда өтіп жатыр.

Баяндама аяқталған соң, әкім жиынға келген тұрғындардың көкейдегі сұрақтарына жауап бермек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив