Коронавирус: науқастардың саны 20 мыңнан асып кетті

Қазақстанда коронавирус жұқтырған науқастардың саны 20 мыңнан асып кетті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Өткен тәулікте ел аумағында коронавирустың 569 жағдайы тіркелді. Аурудың өсімі 2,9 пайызды құрап отыр.
Аймақтар бойынша:
Нұр-Сұлтан қаласы - 47 (1,3 пайыз)
Алматы қаласы - 73 (2,1 пайыз)
Шымкент қаласы - 58 (3,9 пайыз)
Ақмола облысы - 20 (4,8 пайыз)
Ақтөбе облысы - 33 (4,6 пайыз)
Алматы облысы - 17 (2,6 пайыз)
Шығыс Қазақстан облысы - 40 (6,6 пайыз)
Жамбыл облысы - 13 (2,0 пайыз)
Батыс Қазақстан облысы - 40 (3,1 пайыз)
Қарағанды облысы - 48 (2,3 пайыз)
Қостанай облысы - 31 (7,4 пайыз)
Қызылорда облысы - 11 (1,8 пайыз)
Маңғыстау облысы - 5 (1,1 пайыз)
Павлодар облысы - 37 (6,2 пайыз)
Солтүстік Қазақстан облысы - 37 (12,3 пайыз)
Түркістан облысы - 59 (8,3 пайыз)
Вирус жұқтырғандардың жалпы саны 20319 адамға жетті. Сауығып шыққандар - 12548, вирустан көз жұмғандар – 150.