Бағаның өсуіне қарай еңбекақы көтеруді ұсынды
Елімізде еңбекақыны көтеруді бағаның өсуімен байланыстыру ұсынылды. Бұл мәселені Кәсіподақтар федерациясының өкілдері көтеріп отыр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Олардың айтуынша, еңбекақыны индекстеу заңнамалық деңгейде қабылдану керек. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов ұсынысқа қолдау көрсетті.
- Еңбек кодексіне, ҚР Конституциясына жалақы мен түрлі әлеуметтік төлемдерді тұрақты индекстеуге қатысты нормалар енгізілу керек, - дейді федерация төрағасының орынбасары Сатыбалды Дәулеталин.
Егер бұл ұсыныс қабылданса, онда еңбекақы елде инфляция өскен сайын көтеріліп отыратын болады.