KZ
Өскемен
-2°
туман жел 1 м/с, ОБ
494.87 520.65 4.91

"Қателесіп" алғандардың 42500-ді қашан қайтару керектігі айтылды

20.04.2020, 09:13 174

Жұмыс берушісі жалақысының 50 пайызын ғана төлеп отырған қызметкерлер 42 500 теңгеге өтінім бере алмайды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері министрден «жұмыс берушісі жалақысының 50 пайызын ғана төлеп отырған қызметкерлер 42 500 теңгеге өтінім бере ала ма?» деп сұраған еді.

«Бұл 42 500 теңге әлеуметтік төлем жалақысынан айырылғандарға ғана беріледі. Сондықтан жалақы мөлшері төмендеген жағдайда әлеуметтік төлем берілмейді. Яғни, бірде-бір тиын төленбейтін ақысыз демалысқа жіберілген жағдайда ғана 42 500 теңге алуға құқығыңыз болады және өтініш бере аласыздар», - деп жауап берді министр.

Сонымен қатар, ол әлеуметтік төлемді заңсыз алғандар қаражатты қашан қайтаруы керекітігін де атап өтті.

 «Қай уақытта қайтарғыңыз келсе, сол уақытта қайтара аласыздар. Оның мерзімі де, қайтару тәртібі де жоқ. Егер сіз қателескеніңізді көріп тұрып қайтарамын десеңіз, оны жағдайыңыз келген кезде қайтарыңыз. Қайтармаймын десеңіз қайтармайсыз», - деді Біржан Нұрымбетов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу