KZ
Өскемен
-3°
небольшой снег жел 2 м/с, З
494.87 520.65 4.91

1 млрд 600 млн теңге: Қазақстанда жалақысын ала алмай жүрген жұмыскерлер көбейіп келеді

5.09.2019, 11:52 247

Қазақстандағы жұмыскерлер 1 миллиард 600 миллион теңге мөлшеріндегі жалақсын ала алмай жүр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді.
– Қазіргі уақытта еліміздегі жұмыс берушілері өз жұмыскерлеріне 1 миллиард 600 миллион теңге қарыз. 125 кәсіпорынның 4 мыңнан астам жұмыскері өз жалақысын ала алмай отыр. Жұмыс атқарылған, бірақ ақша төленбеген, – деді Еңбек министрі.
Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, дәл осы жұмыс берушілер, яғни 125 кәсіпорын өз жұмыскерлеріне міндетті зейнетақы жарналары бойынша 3 млрд 700 млн теңге, ал әлеуметтік аударымдар бойынша 1 млрд 700 млн теңге қарыз.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу