Үржарлықтар шаңғы теуіп жарысты
Үржарда шаңғыдан жарыс өтті, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
192 спортшының басын қосқан додаға барлығы 24 команда қатысқан. Аталмыш шара Абайдың 175 жылдық мерейтойы қарсаңында ұйымдастырылып отыр. Жастар, 3-5 және 5-10 шақырымда өз бақтарын сынады. Жарыс қорытындысы бойынша, Игенбай орта мектебі бірінші орын, Абай орта мектебі екінші орын, ал Байтұрсынов орта мектебі жүлделі үшінші орынға ие болды. Бұл туралы аудан әкімі Серік Зайнулдин өзінің «Instagram» парақшасына жазып, жеңімпаздарды жеңісімен құттықтапты.