KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 6 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Қазақстанның барлық азаматы волонтер бола алады

12.02.2020, 09:21 154

Қазақстанның барлық азаматы волонтер бола алады. Бұл туралы волонтерлердің «BIRGEMIZ» республикалық фронт-кеңсесін ресми іске қосу шарасында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«Халықаралық зерттеуге сәйкес, Қазақстан әлі күнге дейін волонтерлік қызмет деңгейі төмен елдер тобында тұр. Волонтерлік мәдениет, дәстүр, ынталандыру жеткілікті дамымаған. Есепке алу және ынталандыру жүйесі де дамымай отыр. Міне осының барлығын біз осы жылы шешіп, волонтерлікті жаңа деңгейге көтеруміз қажет», - деді министр. Оның атап өтуінше, дәл осы проблемаларды шешу үшін республикалық волонтерлік фронт-кеңсе іске қосылып отыр.

Бұл туралы өскемендік жастар не дейді?

- Волонтерлік қазақта бұрыннан бар, тек аты басқа. "Асар" немесе "көмек" деген сияқты. Елін, жұртын сүйген кез келген жас волонтер болуы керек. Өткен жолы "Үміт" балалар үйіне барып қар күреп қоғамға сәл де болсын көмегімді тигіздім. Алдағы уақытта ерікті түрде тағы да осындай қоғамдық жұмыстарға ораласқым келеді, дейді ШҚМТУ студенті Еламан Елмұратұлы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу