Еріктілер жәшігі орнатылды – Семей
Семейде еріктілер жәшігі орнатылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл туралы қалалық Жастар орталығы мәлім етті.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды «Еріктілер» жылы деп бекіткен болатын. Осыған байланысты «JASA» жобасы аясында бірқатар оқу орнында «Birgemiz» атты жәшіктер орнатылды.
- Бұл жобадағы мақсатымыз мұқтаж жандарға көмек көрсете отырып, еріктілер қозғалысын дамыту. Айта кетейік, оқу орындарының студенттері қайырымдылық көрсетіп, еріктілер орталығына өз ұсыныс тілектерін жеткізе алады, - дейді орталықтағы мамандар.
Оқи отырыңыз