Аюдының жолына асфальт төселеді – ШҚО
Аюдының жолына асфальт төселеді. Бұл туралы облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Ернар Мұстафин мәлімдеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Аюды – Самар тасжолының бойында, 38 шақырым қашықтықта жатыр. Бұл жердің тұмса табиғатын тамашалап, демалуға келетін аз емес. Алайда тасжол болмағандықтан, демалыс орнына жету оңайға соқпайды.
Автомобиль жолдарына жауапты басқарма алдағы екі жыл ішінде Аюдыға бастап апаратын жолға асфальт төселетінін айтты.
– Осы жылы Манат ауылына дейінгі 18 шақырым жолды жөндейміз. Оған қаржы бөлініп қойған. Ал алдағы екі жыл ішінде жолға асфальт төсеуді жоспарлап отырмыз, – деді Е.Мұстафин.