Өскеменде шылым шеккен зейнеткер өртеніп кете жаздады
Өскеменде шылым шегетін 90 жастағы зейнеткер өз үйінде өртеніп кетет жаздады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Оқиға Бажов көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. Үшінші қабаттағы пәтерлердің бірінде өрт шықты. Өрт сөндірушілер дер кезінде жетіп, пәтерден қарт әйел адамды алып шықты. Оның денесін, екі аяғын күйік шалып үлгерген екен. Қазір ол 1-ші қалалық ауруханада жатыр.
Зейнеткердің қызының айтуынша, анасы кереуетте жатып, шылым шегетін. Қазір өрттің нақты шығу себептері анықталуда.
Оқи отырыңыз