KZ
Өскемен
-1°
небольшая облачность Штиль
481.84 531.33 5.07

Өрт сөндірушілер зейнеткерді өлім аузынан аман алып қалды - Өскемен

25.01.2020, 05:09 196

Өрт сөндірушілер 89 жастағы зейнеткерді өлімнен арашалап қалды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар қызметі мәлі етті.

Оқиға 24 қаңтар күні, түскі сағат 14:01 шамасында Бажов көшесінің бойындағы кп қабатты үйлердің бірінде болған. Өрттің жалпы ауданы екі шаршы метр. Үй иесінің жеке заттары жанған. Құтқарушылар келген бетте үйдегі 90-ға таяп алған әжейді эвакуациялады. Зейнеткердің денесін күйік шалған. Ол қазір емханада. Дәрігерлердің айтуынша, науқастың жағдайы ауыр. Әзірше өрттің шығу себептері анықталуда. Алайда зейнеткерлің қызы, анасының төсекте жатып шылым шегетінін айтқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив