KZ
Өскемен
+19°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
441.66 475.14 4.86

Семейде самогон жасамақ болған ер адам өртеніп кете жаздады

18.02.2020, 11:41 114

Семейде жер үйлердің бірінде өрт шықты. Өрттің салдарынан 48 жастағы ер адам зардап шекті, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Оқиға 15 ақпанда Краснокордонная көшесінде болған. Түнгі сағат 00.00 шамасында өрт сөндіру бөліміне шақырту келіп түсті.

Өрт сөндірушілер жалынның қалай тұтанғанын анықтады. 48 жастағы үйдің қожайыны  жертөледе самогон жасамақ болып, қосулы тұрған газ баллонына спирт төгіп алады. Салдарынан жалын тұтанып, маңайдағы заттарды шарпыған. Өртті өз күшімен сөндірмек болған ер адамның аяқтары күйіп қалыпты. Қазір ол II деңгейлі күйікпен ауруханада ем қабылдауда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив