KZ
Өскемен
-3°
пасмурно жел 5 м/с, СБ
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда 25 градусқа дейін аяз түседі

14.11.2019, 04:00 233

Синоптиктер 14-16 қараша аралығына арналған ауа райы болжамын жасады, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

"Қазгидромет" РМК ақпараты бойынша, алдағы үш күнде республиканың кей өңірлерінде 25 градусқа дейін аяз түседі екен.

Оңтүстік-шығысқа келген Орал мен Батыс Сібірден келген арктикалық бағыттардың әсерінен кей жерлерде жел күшейіп, бұрқасын соғады, көктайғақ болады деп болжануда.

Бұдан кейін Арктикалық теңіз жақтан жылжыған антициклон республиканың басым бөлігінде ауа температурасының төмендеуіне әкеледі.

Бұл күндері сынап бағаны солтүстік, орталық, шығыс аймақтарда түнгі уақытта минус 13...18 градусты, кей жерлерде минус 20...25 градусты көрсетеді. Бұл қалыпты нормадан 1..4 градусқа төмен. Батыс аймақтарда ауа температурасы нормаға жақын болмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу