Абайдың тойы Ұлыбритания, Түркия, Польша, Ресей және Қытайда өтеді
Шығыс Қазақстан облысы Ұлы Абайдың мерейтойын шетелдерде де тойлайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы Ирина Смит мәлімдеді. Оның айтуынша, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған шаралардың бірқатары Ұлыбритания, Түркия, Польша, Ресей және Қытай елдерінде өткізіледі.
– Көпшілікке белгілі, мерейтой аясында барлығы бес жүзден астам іс-шара жоспарланды. Оның жиырма төрті шетелде өткізіледі. Сондай-ақ республикалық, облыстық деңгейдегі іс-шаралар да баршылық. Біз барлығына бірдей өңір болып атсалысамыз, – деді И.Смит.
Осы орайда Даниал Ахметов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінен мысал келтіре отырып, «Абайдың тойы – ойдың тойы» екенін еске салды.