KZ
Өскемен
+8°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, ОШ
485.11 523.82 5.02

Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойына шетелдерден қонақтар келеді

20.09.2019, 03:01 163

Биыл ШҚО-да ұлы ойшыл, дана ақын Абай Құнанбаевтың 175-жылдығы атап өтіледі. Мерей халықаралық деңгейде ұйымдастырылып, шетелдерден де қонақтар келеді екен, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы облыстық комиссияның отырысында айтылды.

Мерейтой аясында түркітанушылардың қатысуымен халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізіледі. Оған Үндістан, Венгрия, Ресей, Әзірбайжан, Польша елдерінің өкілдері қатысады деп күтілуде.

Абай ауданындағы "Жидебай-Бөрілі" мұражай кешенінде суретшілердің "Абай – Ұлы ойшыл" атты көрмесін тамашалуға болады.

Абай Құнанбаев атындағы театрда екі тілде спектакль қоюға дайындық жүріп жатыр. Ол үшін Қазақстанның жетекші режиссер мамандары мен белгілі әртістері шақырылыпты. Көрермендердің назарына "Абай" және "Заман неткен тар еді" "Абай - Әйгерім" мюзиклдері мен "Жас Абай" спектаклі ұсынылмақ.

Биыл "Абай оқуларын" да ұлттық деңгейде ұйымдастыру жоспарланған. Оған барлық облыстардан студенттер қатысады. Сонымен қатар, "Құлақтан кіріп бойды алар" атты студенттер шығармашылығы бойынша облыстық фестиваль болады. Фестивальде Абайдың музыкалық композициялары орындалып, жас ақындар арасында республикалық айтыс, "Abai jolymen - Дорогами Абая" атты жастарға арналған зияткерлік квест және "Абай дара тұлға, дана тұлға" тақырыбында латын қаріпімен жаппай диктант өткізіледі.

Одан бөлек «Абайдың этносаралық және дінаралық қарым-қатынастарын нығайтудағы рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізу жоспарланып отыр. Онда діни бірлестіктер мен этно-мәдение орталықтардың өкілдері қатысады.

Абай ауданындағы киіз үй қалашығында болатын іс-шаралар кешеніне театрландырылған қойылымдар, концерт, сирек кітаптар, мұражай және археологиялық экспонаттар, қолөнер шеберлерінің көрмесі және тағы да басқа көптеген шараларды қамтиды.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив