KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
485.11 523.82 5.02

Өскеменде Президент мақаласы талқыланды

23.01.2020, 03:38 156

Өскеменде Президент мақаласы талқыланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы жарияланғаны белгілі. О.Бөкей атындағы қалалық кітапханаға жиналған қаламгерлер мен ұстаздар қауымы аталмыш мақаланың маңызына тағы бір үңілді.

– Ұлы Абайдың мерейтойын жоғары деңгейде атап өту бүкіл елге мәртебелі міндет. Оның ішінде Шығыс өңіріне үлкен жауапкершілік артылады. Сол себепті мемлекет басшысының мақаласын негізге ала отырып, ұсыныстарды тыңдауға дайынбыз, – деді Мәдениет, ішкі саясат, және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалқаман Сарин.

Жиын барысында ғалымдар бағдарламалық мақала негізінде баяндама жасады. Ұстаздар қауымы Абайды оқытуда тың әдістемелердің керек екенін айтып, ойларын ортаға салды.   

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив