Тоқаев шенеуніктердің қымбат көлік сатып алуын тоқтатпақ
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қымбат көлік сатып алу мен түрлі форумдар өткізуге мораторий жариялауды ұсынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Бұл туралы Президент үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.
– Имидждік іс-шараларға жұмсалатын бюджетті қысқартуды тапсырамын. Үкімет жоспары бойынша 30 миллиард теңге үнемделмек. Бірақ бұл алғашқы қадам ғана деп есептейміз. Қымбат көліктер мен жиһаздар алу, түрлі форумдар, семинар мен мәслихаттар өткізуге кететін шығындарға ұзақжылдық мораторий жариялауды ұсынамын. Іс-шаралар тәжірибелік және идеологиялық тиімді болуы керек, – деді Тоқаев.
Оқи отырыңыз