Өскеменде Абайдың мерейтойына арналған іс-шаралар басталды
Өскеменде қазақ халқының ұлы ақыны, ағартушысы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығын мерекелеуге арналған іс-шаралар басталды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
21 қаңтарда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына ресми бастама берді.
Өскемендіктер мерекелік іс-шаралар эстафетасын алғашқылардың бірі болып бастады.
Қаланың орталық алаңында орналасқан ақынның ескерткішінің жанында мындаған адам бас қосып, Абайдың "Көзімнің қарасы" әнін орындады. Бұл жерде Абай Құнанбайұлы монументіне гүл шоқтарын қою салтанатты рәсімі өтті.
Акцияға студент жастар, қаланың волонтерлік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты.