KZ
Өскемен
-11°
ясно жел 2 м/с, С
518.14 537.57 5.27

Өскемен «ақылды» қалалар рейтингі бойынша қай сатыда?

22.01.2020, 05:56 119

Қазақстандағы «ақылды» қалалар рейтингі жарияланды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жүргізген зерттеуге 14 облыс орталығы мен республикалық маңызы бар 3 қала қатысты. Бағалау 11 түрлі бағыт пен 80 көрсеткіштен тұратын «Ақылды қалалар» эталондық стандарты негізінде жүргізілді. Олар денсаулық сақтау, білім беру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, көлік, экология, әлеуметтік  және т.б. салаларды цифрландыру бастамаларына қатысты. Сондай-ақ әкімдіктердің мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруы, тұрғын үйлерге «ақылды» есептеуіш құралдарының орнатылуы, тіркелген стартаптардың саны, зияткерлік көлік жүйесінің енгізілуі сынды көрсеткіштер есепке алынды.

Қорытынды есепте Нұр-Сұлтан, Алматы және Орал қалалары көш бастады. Ал Өскемен қаласы рейтінгтің 12-нші сатысынан көрінді.

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу