KZ
Өскемен
+15°
небольшая облачность жел 2 м/с, В
479.05 534.57 5.17

Өскемен "ақылды қала" стандарты бойынша үшінші орында

28.11.2019, 11:22 196

Өскемен "ақылды қала" стандарты бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматыдан  кейін  3-ші орында тұр, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Бұл туралы елордада өткен брифинг барысында ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.

Аймақта ведомствоаралық ситуациялық орталық ашылып отыр. Оның құрылымына ситуациялық және инвестициялық орталық, жедел ақпарат орталығы кіреді: «Сергек», қоғамдық бейнебақылау камералары, "109" апаттық-коммуналдық қызметі, бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет БКДҚ-112.

- Алгоритм жиыны 20-дан астам интеграциялық жүйені қамтып, 60 кейс пен 3 мыңдық көрсеткішті көрсетіп отыр. Мысалы, Нұр-Сұлтан мен Қызылорда қалаларында ақпаратты қолмен жинайды. Алматыда 20-ға жуық кейс бар, алайда 109 қызметі жоқ,-дейді аймақ басшысы.

Айта кетейік, бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызмет пен 109 қызметі іске қосылған уақыттан бері 23 мың қоңырау, 7 мың құқықбұзушылық тіркелген.

Сондай-ақ облыста өтініштерді қабылдайтын бірыңғай платформа жұмыс істейді. Тамыз айының орта кезінен бастап қызметтің бұл түріне SMS-хабарландыру түрінде баға беруге болады. Тұрғындардың 95 пайызы осы қызметке көңілдері толады екен. Осылайша Өскемен "ақылды қала" стандарты бойынша Нұр-Сұлтан мен Алматыдан кейін 3-ші орынға шығып отыр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив