Өскеменде полицейлер үй-үйді аралайды
Өскеменде полиция қызметкерлері үй-үйді аралап, әрбір отбасының тұрмысымен танысады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Қала аумағында 20 қаңтар мен 20 ақпан аралығында «Тұрмыс» республикалық алдын алу іс-шарасы жүргізіледі. Ондағы басты мақсат тұрмыстық қатынастағы құқық бұзушылықтарға жол бермеу.
– Тұрмыстық сала бойынша есепте тұрған адамдар басты назарда болады, – деп мәлімдеді Полиция басқармасының баспасөз қызметі.
Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді отбасылық жанжалдарға байланысты қамау 5 тәулікке созылды. Сондай-ақ адам денсаулығына қасақана зиян келтіргендерге ескерту жасалады немесе 15 тәулікке дейін қамауға алынады.