KZ
Өскемен
-17°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
510.18 601.91 6.51

"Анасы әкімшілік жазаға тартылды". Кәмелет жасына толмаған балаға иіс тиді - Алтай

17.01.2020, 11:28 152

Алтайда кәмелет жасына толмаған балаға иіс тиді, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі. Бұл туралы Алтай Төтенше жағдайлар қызметі мәлім етті.

Бүгін таңғы сағат 05:55-тер шамасында емханаға 2004 жылғы бала жеткізілді. Дәрігерлердің айтуынша, 16 жастағы балаға иіс тиген.

Баланың ата-анасы кеше кешке от жаққан. Көмірдің толық жанып біткеніне көз жеткізбестен, құдық қақпағын жауып тастаған. Түн ауа үй иелері өздерін нашар сезініп, жедел жәрдем қызметін шақырыпты.

 - Баланың ата-анасы өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаған жоқ, сондықтан зардап шеккен баланың анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - дейді Алтай Төтенше жағдайлар қызметіндегілер.

 

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу