Қазақстанда жұмыссыз жастардың саны 8,5 мыңға жуықтады
Қазақстанда жұмыссыз жастардың саны көбейіп келеді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Дәлірек айтсақ, олардың саны 3,4 пайызға өскен. Бұл туралы Ranking сарапшылары мәлімдеді. 15 пен 28 жас аралығындағы жұмыссыз жастардың саны – 84,7 мың. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен көп. 2018 жылы олардың саны 81,9 мың болған. Осы ретте айта кету керек, қалалық өңірдегі жұмыссыз жастардың саны 4,2 пайыздан 4,3 пайызға ұлғайса, ал ауылдық жерлерде керісінше 3,4 пайыздан 3,2 пайызға азайған.
Сарапшылардың айтуынша, жастар көбіне сауда-саттық және автожөндеу саласында қызмет етеді. Айталық 388,7 мың жас маман осы кәсіпте еңбек етуде. Сондай-ақ жастар мемлекеттік басқару мен қорғаныс, міндетті әлеуметтік қамсыздандыру (152 мың) мен өңдеу өнеркәсібіне де (149,6 мың) бейім.
Ал жастар арасында кеңінен таралған мамандықтарға ауыл, орман және балық шаруашылығы, сондай-ақ білім саласы жатады.