Жастардың жұмыссыздығы бойынша ШҚО төртінші орында
Қазақстанда жұмыссыз жастардың саны артты, деп хабарлайды Altaynews тілшісі. Бұл туралы Ranking.kz сараптамалық қызметі мәлімдеді.
Сарапшылардың мәліметіне сенсек, Қазақстанда 15-28 жас аралығындағы жұмыссыздар саны 84,7 мың адамға жеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,4 пайызға көп. 2018 жылы жұмыссыз жастардың саны 81,9 мың болған.
Қалалық жерлерде жастар жұмыссыздық деңгейі бір жыл ішінде 4,2 пайыздан 4,3 пайызға артқан. Ал ауылда керісінше 3,4 пайыздан 3,2 пайызға дейін төмендеген. Жұмыссыз жастардың көбі Алматы мен Алматы облысында тұрады. Алдыңғы көште Түркістан облысы (7,3 мың адам) және Шығыс Қазақстан облысы (7,1 мың адам) тұр.