Мұзбен жүруге болады - Күршім өткелі
ШҚО-дағы Бұқтырма суқоймасында 8 қаңтардан бастап көлік құралдарына мұздың үстімен жүруге рұқсат етілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Бұл туралы ШҚО ПД әкімшілік полиция басқармасы мәлім етті.
- Күршім мен Көкпекті аудандарының жағалауларын жалғап тұрған Бұқтырма суқоймасындағы «Қызыл Ту» мұз өткелі бойынша көлік құралдарының қозғалысына жол ашық, - деп жазылған басқарманың хабарламасында.
Өткел арқылы толық салмағы 1,5 тоннадан аспайтын автокөліктерге ғана рұқсат етілген. Әкімшілік полиция басқармасы жүргізушілерді орнатылған жол белгілеріндегі талаптарды орындауға шақырады.
Оқи отырыңыз