2020 жылы мас күйде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталуы мүмкін
2020 жылдан бастап Қазақстанда Қылмыстық Кодекстің мас күйде көлік жүргізгендерге қатысты жеке бабы күшіне енеді. Енді заңды бұзғандар 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Жаңа 345-1-бап бойынша ішімдік ішіп, көлік жүргізгендер 7 жылға сотталып, 10 жылға дейін көлік жүргізуге тыйым салу қарастырылған. Ал бұл жағдай екі не одан көп адамның өліміне әкелетін болса, 7-10 жылға сотталып, көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылуы мүмкін.
346-бап бойынша аталған қылмыс қайталанса, оның жазасы қатая түседі. Тәртіп бұзушы бірден көлік жүргізу құқығынан өмір бойына айырылады.