KZ
Өскемен
-11°
туман жел 2 м/с, СШ
498.34 519.72 4.85

Бородулиха тұрғыны 5 жылға сотталуы мүмкін

4.07.2021, 16:19 138

12 маусымда сағат 17:50 шамасында Бородулиха ауданындағы Жаңа Үлбі ауылы Киров көшесінде полицейлер 3 жыл мерзімге көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған Бородулиха ауданының 26 жастағы тұрғынын тағы да мас күйде ұстады.

Көлік жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған оқиға бойынша бірқатар сот сараптамалары тағайындалды.

- Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346 - бабы 1-бөлігі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және масаң күйде болған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі. 

Осы қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін жүргізуші 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру және көлік құралын жүргізу құқығынан өмір бойына айыру жазасы қарастырылып отыр.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу