Ұшақ апаты: Қаза тапқан 7 адамның аты-жөні жарияланды

Алматы қаласы маңында ұшақ апатынан қаза тапқан 7 адамның аты-жөні белгілі болды. Мұндай деректі ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінінен жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сонымен комитет дерегінше, ұшақ апатынан Николай Астанов (1971 жылы дүниеге келген), Р.Хайдаров (1970), Бауыржан Қалиев (1974) Базархан Кәрібаев (1974), Марат Мұратбаев (1961), Абай Нұрбаев (1982) және А.Исина қаза болды. Қаза тапқан қалған азаматтардың тізімін комитет алдағы уақытта ұсынатын болады. Айта кетейік, бүгін таңда Алматыдан Нұр-Сұлтан қаласына ұшып шыққан ұшақ радардан жоғалып кетті. Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақтың апатқа ұшырағаны мәлім болды. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін ұшақ құлаған аумаққа арнайы комиссия ұшып шықты. Осы апатқа қатысты шұғыл желі іске қосылған.