KZ
Өскемен
-26°
плотный туман жел 1 м/с, С
517.66 606.49 6.44

ШҚО-да демалыс базасы өртенді

27.12.2019, 04:40 267

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы демалыс базасында өрт шықты, деп хабрлайды Алтайньюс тілшісі.

Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен үш сағатқа жуық уақыт арпалысты. Барлығы бес техника жұмылдырылған.

Өрт сағат 21.37 шыққан. Демалыс базасының жеке тұрған монша кешені өртенді. Тілсіз жау 280 шаршы метр аумақты шарпыды, – деп мәлімдеді облыстық ТЖД.

Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

  

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу