Келесі жылы Өскеменде бірнеше жаңа жол салынады – Жақсылық Омар

Келесі жылы Есенберлин көшесі 19-ықшамауданнан Жібек жолына дейін созылады. Яғни, Сәтпаев даңғылымен параллель болады. Өскемен әкімі Жақсылық Омар бұл жолдың жұмысы жыл соңына дейін аяқталатынын мәлімдеді.
Сондай-ақ 2020 жылы тағы бірнеше көшенің жұмысы аяқталады.
Тоғас көшесі (Ахмер – Понтон көпірі арасы) төрт жолақты болады.
Шәкәрім даңғылы (Абай даңғылы – Белинский көшесі аралығы) екі бағытты қозғалысқа арналып ашылады. Жол жиегі кеңейтіледі.
Меновной ауылынан Алматы тасжолына дейінгі жол жөнделеді.
Оқи отырыңыз