Меновное кентіндегі негізгі жолдың бірі жөнделіп жатыр – Өскемен

Ярославская көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталды. Бұл туралы Өскемен қаласының әкімі Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
– Ярославская көшесі – Меновное кентіндегі, тіпті қаланың сол жағалауының ең негізгі жолдардың бірі. Қазіргі уақытта мұнда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жоба бойынша 1,6 шақырымға жаңа асфальт төселіп, тротуар абаттандырылады. Көше бастан-аяқ 9-11 метрге кеңейтіледі. Жаңа тротуардың аумағы – 2 400 шаршы метр болмақ, – деп Жақсылық Омар.
Қала әкімі өткен жылы Жібек Жолы көшесі жөнделгенін, биыл Тоғас көшесі мен Өскемен-Семей тасжолындағы учаскені жөндеу жұмыстары аяқталатынын атап өтті.
– Сондай-ақ жақында Шоссейная көшесінде орташа жөндеу жұмыстары басталады. Осылайша Сәтпаев даңғылынан бастап Понтон көпірі мен Ахмер кентіне дейінгі барлық маршрут жөндеуден өтеді, – деп түйіндеді қала басшысы.