«Торпедо» екі сатыға жоғарылады
Жоғары хоккей лигасы тұрақты чемпионатының кезекті турында өз айдынында Пензаның «Дизелін» қабылдаған «Торпедо» овертаймда жеңіске жетіп, осының арқасында турнир кестесінде бірден екі сатыға жоғарылады.
Қазір қоржынында 42 ұпайы бар «Торпедо» жарыс кестесінің тоғызыншы орнында тұр.
4:3 есебімен аяқталған бұл ойында өскемендік ұжым сапында қорғаушы Дмитрий Громов, сондай-ақ шабуылшылар Ян Хоменко мен Александр Тарасовтың (дубль) қанжығалары майланды. Бір айта кетерлігі, осы жолы команданың мергендер көшін бастап тұрған Евгений Рымарев шайба соқпаса да, әріптестеріне екі нәтижелі пас беріп, «Торпедоның» жеңіске жетуіне елеулі үлесін қосты.
Бүгін кешке жерлестеріміз ЖХЛ-дың тұрақты чемпионаты аясындағы кезекті ойынына шығады. Кешкі сағат 18:30-да басталатын бұл кездесуде командамызға Тольятти қаласының «Ладасы» қарсылас атанбақ.