"Ливерпуль" алғаш рет әлем чемпионы атанды
Катарда клубтар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Әлемнің үздік жеті футбол клубы қатысқан додада "Ливерпуль" клубы жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Англия клубы финалда Бразилияның "Фламенго" командасынан басым түсті. Бұл ойынның тағдырын 99-минутта бразилиялық шабуылшы Роберто Фирмино жалғыз гол шешті.
Егер 76-минутта "Ливерпуль" шабуылшысы Мохаммед Салахтың голы саналғанда овертаймда болмас еді.
Қола жүлде Мексиканың "Монтеррей" командасына бұйырды. "Ацтектер" елінен команда үшінші орын үшін ойында Сауд Арабиясының "Әл-Хилял" клубын пенальти сериясында жеңді. Матч негізі 2:2 есебімен тең аяқталған.
Бесінші орынға Хави жаттықтыратын Катардың "Әл-Садд" клубын ұтқан Тунистің "Эсперанс" ұжымы тұрақтады – 6:2.