Жеті ай бұрын жоғалып кеткен 35 жастағы әйел әлі табылған жоқ - Өскемен
Өскеменде жеті ай бұрын жоғалған 35 жастағы әйел әлі іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.
Ермоленко Юлия мамырдың 9-ы күні өз үйінен Белоусовка ауылында тұратын құрбысына барамын деп кеткен. Сол кеткеннен мол кеткен Юлияны еріктілер тобы жарты жылдан артық уақыт іздесітіріп келеді. Бірақ бірде-бір хабар жоқ. Ерекше белгілері, бойы 165 сантиметр, көзі қоңыр. Жоғалған күні үстінде қара футболка, қара джинсы болған. Егер сіз Юлия жайлы қандай да бір ақпарат білсеңіз 102 каналына немесе 8-777-056-65-37, 8-771-466-54-38 нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұраймыз.
Оқи отырыңыз