Семейде 15 жастағы қыз бала жоғалып кетті
Семейде осыдан бір ай бұрын жоғалып кеткен бойжеткеннен әлі бірде бір хабар жоқ, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Садықова Аружан 30-шы тамыз күні Семейде Жамақаев көшесіндегі үйінен шығып кетіп, сол бойы қайтып оралмаған. Аружанды Өскеменде көргендер бар. Алайда 15 жастағы қыз баланың қазір қайда екені белгісіз.
Ерекше белгілері: бойы 160-165 сантиметр, көзі мен шашы қоңыр түсті, сол жақ бетінде тыртығы бар. Үйден шыққанда үстінде қара футболка мен тоқсары шалбар болыпты.
Егер Аружан туралы қандай да бір ақпарат білсеңіз, 8-747-359-57-17 нөміріне немесе 102 каналына хабарласуларыңызды сұраймыз.
Оқи отырыңыз