KZ
Өскемен
+26°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
471.46 504.79 5.53

Өскеменде ұлттық аспаптардың фестиваль-байқауы өтті

15.12.2019, 09:13 202

Өскемен қаласының білім беру бөлімінің қолдауымен "Жұлдыз" балалар өнер мектебі ҚР-ның Тәуелсіздігі күніне және "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "Халық музыкасының дәстүрлерін жаңғырту" атты қазақ халық аспаптар оркестрлері мен ансамбльдерінің қалалық оқушылар арасындағы фестиваль-байқауын ұйымдастырды.

Байқауға қаладағы әр мектептен келген домбыра ансамбльдері мен оркестрлері қатысты. Байқау өте тартысты өтті. Байқаудың мақсаты мен міндеттері: .Қазақ халық музыка өнерінің мәдени - тәрбиелік, ағартушылық және адамгершілік дәстүрлерін сақтау және шығармалылығын дамыту. .Балаларды қазақ халқының музыкалық мәдениетімен таныстыру..Дарынды жас музыканттарды анықтау және қолдау, олардың әрі қарай шығармашылық және кәсіби дамуына жағдай жасау. .Халық аспаптарын ойнауды насихаттау, кәсіби шеберлік деңгейін көтеру. .Халық музыкасы саласында жұмыс жасайтын мұғалімдердің педагогикалық шеберліктерін жетілдіру және олардың арасындағы шығармашылық байланыстардың кеңейуіне ықпал ету.

Байқаудың нәтижесі бойынша "Бас жүлде" үлкен топтан "Ақ желкен" домбыра ансамблі иеленсе, кіші топтан "Шалқыма" домбыра ансамблі иеленді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив