KZ
Өскемен
-6°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
515.02 604.22 6.5

Өскемендегі этнопаркті конькимен аралауға болады

12.12.2019, 08:09 308

Өскемендегі этнопакрте ерекше мұз айдыны құйылды, деп хабарлайды Аltaynews тілшісі.

– Сол жағалау саябағында екі мұз айдыны құйылды. Бірі кіре берісте, екіншісі әскери комплекс ауласында. Осы екі аралыққа мұзжол құйылды. Конькиді шешпей-ақ екі араға қыдырып жүруге болады, – деді облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық мұражай-қорығының баспасөз қызметкері.

Айта кетейік, мұндағы мұз айдындары жұмыс күндері 10:00-ден 23:00-ге дейін, ал демалыс және мейрам күндері түнгі 1:00-ге дейін ашық болады. Сол маңда конькилер де жалға беріледі.

Мұз айдынның салтанатты ашылу шарасы 15 желтоқсанда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу