KZ
Өскемен
-19°
туман Штиль
517.66 606.49 6.44

Өскемендегі мұз айдындарының бірі түн жарымына жұмыс істейтін болды

16.01.2020, 08:41 351

Өскеменнің Солжағалау саябағындағы мұз айдыны 24.00-ге дейін жұмыс істейтін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

– Енді конькилер мен стьюбтерді жалға беру пункті күн сайын сағат 10.00-ден 24.00-ге дейін жұмыс істейді. Пункт ағаштан салынған әкімшілік ғимаратта екенін естеріңізге саламыз, – деп мәлімдеді облыстық табиғи-ландшафтық және сәулет-этнографиялық мұражай-қорығының баспасөз қызметі.

Еске салай кетейік, конькиді жалға алу құны (1 сағат) – 700 теңге, стьюб – 1000 теңге.

Демалыс және мереке күндері сағат 11.00-17.00 аралығында саябақта атшанамен серуендеуге болады. Балалар бір айналып келу үшін 500 теңге,  ересектер 1000 теңге төлейді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу