KZ
Өскемен
-8°
туман Штиль
498.55 524.28 4.75

Жарма ауданында елді мекендер абаттандырылуда

10.12.2019, 06:28 156

Жарма ауданында 4 елді мекен абаттандырылды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Абаттандыру жұмыстарына облыстық бюджеттен 140 млн теңге бөлініп отыр.

Бұл туралы аудан әкімі Ахметқали Нұрғожин Өскеменде өткен баспасөз конференциясының барысында мәлім етті.

Биыл аудан бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылып қойған екен. Қалбатау ауылында 4 мини-футбол алаңы, 4 Street workout алаңы және балаларға арналған ойын алаңы орнатылды. Шар қаласында, Жаңғызтөбе және Әуезов кенттерінде 30 млн теңгеге  Street workout алаңдары орнатылған.

Сонымен қатар, Шар қаласында денешынықтыру-сауықтыру орталығының құрылысы басталып отыр. Онда адамдар спортпен тегін шұғылдана алады. Бұл мақсатта 55 млн теңге бөлінді. Мұнда ауыр атлетика мен фитнеске арналған 300 шаршы метрлік  жаттығу залы болады және бокс секциясы да ашылады деп жоспарлануда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу