KZ
Өскемен
пасмурно жел 1 м/с, С
487.24 529.34 5.02

Семейде қарақшылық шабуыл жасау, тонау оқиғалары көбейіп кеткен

10.12.2019, 04:52 197

Семей қалалық Полиция Басқармасының баспасөз хатшысы Елубек Оспановтың айтуынша, қаланың криминогендік жағдайы нашарлап, тұрғындарға қарақшылық шабуыл жасау, тонау оқиғалары көбейіп кеткен, деп хабарлайды Алтайнььюс тілшісі.

Әдетте, бұл адамдар аз жүретін көшелер, аулалар, жарықтандырылмаған подъездер мен баспалдақ алаңдары болып отыр. Көбінесе мұндай қылмыстар кешкі және түнгі уақытта жасалады. Тері бұйымдар, әйел сөмкелері, ақша, зергерлік бұйымдар,  телефондар бойынша ең көп тоналады екен.

- Ағымдағы жылдың 11 айында қала аумағында 7 қарақшылық шабуыл фактісі тіркелді. 2 қылмыс әлі  ашылған жоқ. Ал өткен жылы дәл осы кезеңде 4 қылмыс оқиғасы тіркелген болатын.  Соңғы уақытта дүкендерді тонау оқиғалары жиілеп кетті. Өкінішке орай, көптеген жағдайларда дүкен иелері мен ұйымдар қауіпсіздік ережесін ескермейді. Олар дабыл түймесі, бейнебақылау камералары сияқты дүниелерді ескермейді,- дейді Елубек Оспанов

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив