Семей полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Семей полиция басқармасына жаңа басшы тағайындалды. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Жаңа басшыны департаменттің бастығы Жанарбек Бақтыбаев таныстырды. Ол – Мақсат Зекенов.
Мақсат Зекенов – 1971 жылы Семей қаласында туған. Семейдегі педогогикалық институт пен Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясын тәмамдаған.
Ол әр жылдары Әуезов, Затонский полиция бөлімдерін басқарған. 2018 жылдың қазанынан бері Семей полиция басқармасы орталық бөлімінің басшысы болып келген.
Оқи отырыңыз